
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.
Негізгі мақсат – адамның нақты қажеттіліктеріне назар аудара отырып, оңалтудың сапасын, қолжетімділігін және тиімділігін арттыру.
2026 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы №199 бұйрығына өзгерістер еңгізілді – Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын оңалтудың техникалық құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесі қайта қаралды.
Бұған дейін кепілдік берілген соманы айқындауды комиссия өткен қаржы жылындағы бағалардың орташа мәні туралы ақпараттың үш көзі негізінде жүргізген – әлеуметтік қызметтер порталының, тауарларды мемлекеттік сатып алудың және әлеуетті өнім берушілердің коммерциялық ұсыныстарының деректері негізінде.
Жаңа Әдістемеде кепілдік берілген сома әлеуметтік қызметтер порталының деректерін және электрондық дүкен деректерін ескере отырып есептелетін болады.
Осыған байланысты, тауарлардың нарықтық құны бойынша электрондық сауда аландарының жиынтық деректерін алу үшін әлеуметтік қызметтер порталын Қаржы министрлігінің цифрлық жүйелерімен интеграциялау жіргізілуде.
Бұдар әрі, қолмен араласусыз цифрлық платформалардың алынған нақты нарықтық деректері негізінде кепілдік берілген соманы автоматты түрде қалыптастыру жоспарлануда. Бұл ашықтықты, объективтілікті және біртұтас көзқарасты қамтамасыз етеді.
Күтілетін негізгі әсерлер:
– ОТҚ құның қалыптастыру процесін толық цифрландыруды енгізу;
– адам факторы мен субъективтілігін жою;
– әділ баға белгілеуді қамтамасыз ету;
– бюджет қаражатын ұтымды пайдалану.
Бұл ретте мемлекет мұқтаж азаматтарды сапалы ОТҚ-мен қамтамасыз ету үшін негізсіз шығындарды жояды.
Босатылған қаражат жүйені дамытуға, оның ішінде қалпына келтірудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік беретін заманауи, технологиялық және қымбат оңалту құралдарын енгізуге бағытталады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-pavlodar/press/news/details/1211435?lang=kk

Жауап қалдыру