2026 жылғы 23 сәуір жағдайы бойынша Ақмола облысында 524 мектеп жұмыс істейді, онда 17 314 педагог қызмет атқарады. Олардың 35 мектепте 38 педагог-шебер (0,21%) қызмет атқарады, бұл барлық мектептердің 6,67%-ын құрайды.
Педагогикалық өтілі бойынша: 13–16 жыл – 1, 16–20 жыл – 3, 20–25 жыл – 6, 20–25 жыл – 10, 30–35 жыл – 10, 35–40 жыл – 5, 40–45 жыл – 3, 25 жылдан артық – 28.
Аудандар мен қалалар бойынша: Ақкөл ауданы – педагогтар 544, педагог-шебер 1 (0,18%); Атбасар ауданы – педагогтар 739, педагог-шебер 1 (0,13%); Аршалы ауданы – педагогтар 756, педагог-шебер 1 (0,13%); Буланды ауданы – педагогтар 746, педагог-шебер 2 (0,26%); Бурабай ауданы – педагогтар 1197, педагог-шебер 6 (0,52%); Зеренді ауданы – педагогтар 1143, педагог-шебер 1 (0,08%); Қорғалжың ауданы – педагогтар 343, педагог-шебер 2 (0,58%); Целиноград ауданы – педагогтар 2223, педагог-шебер 7 (0,1%); Степногорск қаласы – педагогтар 906, педагог-шебер 2 (0,22%); Көкшетау қаласы – педагогтар 27 426, педагог-шебер 7; Қосшы қаласы – педагогтар 973, педагог-шебер 4 (0,41%).
Облыстық ұйымдарда: «IT лицей-интернат «Білім-инновация», Щучинск – педагогтар 31, педагог-шебер 2 (3,2%); «Лицей-интернат «Білім-инновация», Көкшетау – педагогтар 36, педагог-шебер 1 (2,7%); Облыстық арнайы мектеп-лицей-интернат №2 «Дарын», Астана – педагогтар 31, педагог-шебер 1 (3,2%).
Астрахан, Егіндікөл, Біржан сал, Ерейментау, Есіл, Жақсын, Жарқайын, Сандықтау, Шортанды аудандарында педагог-шеберлер жоқ.
Қорытынды: Ақмола облысында 524 мектепте 17 314 педагог жұмыс істейді, олардың ішінде 38 педагог-шебер (0,21%), 35 мектепке (6,67%) таралған. Педагог-шеберлердің үлесі төмен және білім беру ұйымдарының аз бөлігін қамтиды. Өтілі бойынша 25 жылдан артық тәжірибесі бар педагогтар басым, бұл «педагог-шебер» біліктілігін алудың ұзақ кәсіби тәжірибеге тәуелді екенін көрсетеді. Педагог-шеберлердің ең көп саны Көкшетау қаласында (7), Бурабай ауданында (6), Қосшы қаласында (4) тіркелген. Бір педагог-шебер тіркелген аудандар: Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Зеренді және басқалар. Тоғыз ауданында педагог-шеберлер жоқ. Облыстық арнайы ұйымдарда педагог-шеберлердің үлесі (2,7–3,2%) облыстық орта көрсеткіштен жоғары. Ақмола облысында педагог-шеберлердің үлесі төмен.
Ұсыныстар: Педагогтардың біліктілігін арттыру және педагог-шеберлер санын көбейту бойынша жұмысты күшейту. Педагог-шеберлерді аудандар бойынша теңдей тарату қамтамасыз ету. Педагог-шеберлер жоқ аудандарда кәсіби қолдау және ынталандыру жүйесін дамыту. Білім беру ұйымдары мен арнайы мекемелер арасында тәжірибе алмасу практикасын қолдау және кеңейту.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-aqmola/press/news/details/1211483?lang=kk

Жауап қалдыру