
Алматы облысында 24–25 сәуір күндері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жолдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында «Жолдағы қабылдау» профилактикалық акциясы өткізілуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қолданыстағы заңнама талаптары жеткізіліп, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері мен олардың алдын алу шаралары түсіндірілуде. Сонымен қатар, азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тікелей акция өтетін орындарда білікті кеңес алу мүмкіндігіне ие.
Ерекше назар жолдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, тәртіпті арттыруға және жол қозғалысына қатысушылар арасындағы өзара құрмет қағидаттарын нығайтуға аударылуда.
Полиция қызметкерлері өңір тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, мұқият әрі жауапты болуға шақырады. Себебі жолдағы қауіпсіздік әрбір қатысушыға байланысты.
Осындай акцияларды өткізу жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және қауіпсіз жол ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1211553?lang=kk

Жауап қалдыру