Татулық пен ынтымақ – ұлт байлығы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Татулық пен ынтымақ – ұлт байлығы» атты кездесу кеші өтті.

Шараның басты мақсаты – көпұлтты Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын насихаттау, түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен достығын дәріптеу.

Кездесу кешіне «Қазақ мәдениеті және салт-дәстүрлері» қоғамдық қорының төрағасы Шыныбаев Серікбол Түлеутайұлы, «Барбанг» күрдтер қауымдастығының Талдықорған өңірлік филиалының төрағасы Хосен-Оглы Руслан Бижанович, ҚР мәдениет саласының  үздігі, ҚР кітапхана ісінің үздігі Ешенова Ғалия Самигулқызы, сондай-ақ полиция капитаны Бақытжан Манасұлы Тұрысбеков арнайы қатысып, бірлік пен ынтымақтың маңыздылығы туралы мазмұнды ойларымен бөлісті.

Іс-шара барысында «Бейбітшілік ел тілегі» атты бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері мен №4 орта мектеп оқушылары әртүрлі тілде поэзиялық шеру ұсынып, көпұлтты мәдениеттің байлығын паш етті.

Кеш соңы концерттік бағдарламамен жалғасып, жас өнерпаздардың орындауындағы «Тұраным» әні мен Жетісу облыстық филармония әншісі Мирас Оспановтың «Мен қазақпын» әні көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Шара барысында ел бірлігі, татулық пен достықтың маңыздылығы кеңінен насихатталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-archive/press/news/details/1211578?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді