
Жетісу облысы Қаратал ауданы Ахмет Байтұрсынов атындағы МДШО бар орта мектебінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Менің елім – бірліктің мекені» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол көрме ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын дәріптеу, сондай-ақ бірлік пен келісімнің маңыздылығын түсіндіру болды. Көрме барысында оқушылар өз қолдарымен дайындаған шығармашылық жұмыстарын ұсынып, әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін бейнелейтін көрнекіліктер жасады.
Шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салып, еліміздің көпұлтты бай мәдениетін паш етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-kyzylbalyk/press/news/details/1211562?lang=kk

Жауап қалдыру