
Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Су тасқыны қаупі кезеңінде олар өңірге келіп, алғашқы күндерден-ақ жоғары кәсібилік, тәртіп және кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын екендіктерін көрсетті.
Бөлімше Қызылжар ауданында және Петропавл қаласы маңында қорғаныс бөгеттерін нығайту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды: 29 мың қап дайындалып, 10 800-ден астам қап төселді, сондай-ақ судың шайып кетуін болдырмау үшін 2,5 мың метр полиэтилен төсемі тартылды. Сонымен қатар су тасқыны жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп, су айдындарына әуеден бақылау жасалды.
Әскери қызметшілердің үйлесімді іс-қимылы мен жанқиярлық еңбегінің арқасында қауіп-қатер айтарлықтай төмендетіліп, өңір тұрғындарының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Қызметке адалдық танытқандары үшін шынайы алғысымызды білдіріп, алдағы уақытта табыс, мықты денсаулық және амандық тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1211676?lang=kk

Жауап қалдыру