
Елордалық ТЖД Алматы ауданы ТЖБ бастығының орынбасары Қайыргелді Ибраевты әріптестері құрметті демалысқа салтанатты түрде шығарып салды.
Департамент бастығы Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков Қайыргелді Болатұлын зейнеткерлікке шығуымен құттықтап, оның азаматтық қорғау саласындағы ұзақ жылдар бойғы мінсіз қызметі мен елеулі еңбегін ерекше атап өтті.
25 жылдан астам тәжірибесі бар Қайыргелді Ибраев өз ісіне адал, білікті әрі жауапкершілігі жоғары маман ретінде ұжымда үлкен құрметке ие болып, жас қызметкерлерге әрдайым өнеге көрсетті.
Әріптестері оған зор денсаулық, отбасына амандық, бақ-береке тілеп, алдағы өмір белесінде жаңа жетістіктер мен қуанышты сәттердің көп болуына тілектестік білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1211712?lang=kk

Жауап қалдыру