
Азаматтарды қабылдау орталығына келген
Астана қаласының және Жетісу, Маңғыстау, Қызылорда облыстарының азаматтары бірқатар мәселелермен жүгінді.
Атап айтқанда атқарушылық өндіріс, алимент өндіру, нотариаттық қызмет, адвокаттардың және жеке сот орындаушыларының іс-әрекетіне қатысты шағымдарын жеткізді.
Өз кезегінде Әділет министрі ҚР заңнамасы аясында түсініктемелер беріп, тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді. Барлық өтініштер министрдің жеке бақылауына алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1211711?lang=kk

Жауап қалдыру