
Ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахымның төрағалығымен Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысы өткізілді.
Аталған отырысқа Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен басшы Қасымхан Алпысбайұлы қатысты.
Алқа отырысында 2026 жылдың I тоқсанындағы Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесі қызметінің қорытындылары қаралып, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары жетекшілік ететін салалары бойынша баяндама жасады.
Департамент басшысы Қасымхан Алпысбайұлы өз кезегінде профилактикалық екпемен қамту туралы баяндама жасап, өзекті мәселелерді шешуге бағытталған ұсыныстар берді.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша қала әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы Әбідрахым жауапты мемлекеттік органдар мен медициналық ұйымдарға күн тәртібіне сәйкес бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1211706?lang=kk


Жауап қалдыру