
Шымкентте «Инклюзия & Нетворкинг: тәжірибе алмасу мен шеберлік сабақтары» атты іс-шара өтті. Жиынға инклюзия және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Іс-шараға сондай-ақ Түркістан облысының қатысушылары жиналды.
Кездесу бағдарламасы қатысушылардың тәжірибе алмасуына және кәсіби білігін арттыруға бағытталды. Нетворкинг сессиясы барысында үкіметтік емес ұйымдар өңірде әріптестікті дамыту және бірлескен бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Жиын аясында гранттық өтінімдерді әзірлеу мәселелері қарастырылды. Қатысушылар жобаларды жетілдіру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, бастапқы гранттық қолдаудың ұйымның әрі қарай дамуына негіз болатынын атап өтті.
Сондай-ақ Қазақстанда 2026 жылы инклюзивті қоғамды дамытуға қатысты өзекті мәселелер, әлеуметтік салаға қойылатын жаңа талаптар және халыққа қолдау көрсетудің заманауи тәсілдері сөз болды.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1211771?lang=kk

Жауап қалдыру