Полиция жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елімізде жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдағы тәртіпті күшейту мақсатында жоспарлы түрде ауқымды профилактикалық рейдтік шаралар тұрақты түрде өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бұндай шаралар бұған дейін де жүргізілді және алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады. Оның басты мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау. Бүгінгі таңда еліміздің бес өңірінде, яғни Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарында “Құқық бұзушылыққа жол жоқ” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жолда жүру қағидаларын бұзудың 22 мыңнан астам дерегі анықталып, жолы кесілді.

Оның ішінде: – масаң күйде және жүргізу құқығынсыз көлік басқарудың шамамен 500 дерегі; – жол-көлік оқиғаларына тікелей әсер ететін, яғни қарсы бағытқа шығу, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту, жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланудың шамамен 300 ге жуық өрескел құқық бұзушылықтың алдын алды; – жүргізушінің қауіпті әрекеттерінің, оның ішінде көлік жүргізу кезінде телефон қолданудың 800-ден астам дерегінің жолы кесілді. Жалпы алғанда, мамандандырылған айып тұрағына 2,8 мыңнан астам автокөлік қойылып, 450-ден астам мемлекеттік тіркеу нөмірі алынды. Әрбір тоқтатылған құқық бұзушылық — алдын алынған апат, сақталған бір өмір мен аман қалған денсаулық. Мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен жалғасады. Барша жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Заң мен тәртіп — әр азаматтың жеке жауапкершілігі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1211874?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді