
Авторлық құқық — зияткерлік қызмет нәтижелерін жасау және пайдалану барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.
Ғылым, әдебиет және өнер туындыларының кез келгені жасалған сәттен бастап, мемлекеттік тіркеуге қарамастан, құқықтық қорғауға жатады.
Авторға жеке мүліктік емес құқықтар — авторлықты тану, есімін көрсету және туындының тұтастығын қорғау құқығы, сондай-ақ туындыны пайдалану шарттарын айқындауға мүмкіндік беретін айрықша мүліктік құқықтар тиесілі. Оларға туындыны көшіру, тарату, көпшілікке ұсыну және өңдеу құқықтары жатады.
Авторлық құқық объектілерін құқық иесінің алдын ала келісімінсіз пайдалану тек заңнамада тікелей көзделген жағдайларда ғана жол беріледі және белгіленген талаптарды, соның ішінде дереккөзді көрсету міндетін сақтауды талап етеді. Аталған талаптарды бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.
Цифрлық ортада авторлық құқықтарды сақтау — құқықтық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі. Бұл авторлар мен пайдаланушылардың мүдделер теңгерімін қамтамасыз етіп, қоғамның зияткерлік және шығармашылық әлеуетінің дамуына ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1211962?lang=kk

Жауап қалдыру