Қорытынды шығару – бұл қол жеткізілген жетістіктерді бағалау ғана емес, сондай-ақ қандай міндеттер өзекті болып қалатынын айқындау мүмкіндігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 28 сәуірде Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының орынбасары Әлжан Мәди Ислямович «Сарыарқа» телеарнасында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған «Uaqyt.kz» телебағдарламасына қатысты. Жыл сайын 28 сәуірде бүкіл әлемде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтіледі — бұл күн жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен қызметкерлердің денсаулығын сақтауға назар аударуға бағытталған.

Әңгіме барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер қарастырылды. Өңірдегі жұмыс берушілер еңбек қатынастарын ұйымдастыру және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету барысында басшылыққа алуы тиіс практикалық мәселелерге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың заманауи тетіктері, еңбек саласындағы тәуекелдер және оларды азайту шаралары талқыланды. Жұмыс берушілер де, қызметкерлер де кездесетін өзекті мәселелерді қозғап, оларды тиімді шешу бойынша ұсынымдар берілді.

Мұндай іс-шаралар құқықтық сауаттылықты арттыруға, қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға және еңбек қатынастарының барлық қатысушыларының жауапкершілігін нығайтуға ықпал етеді.

https://youtu.be/_LHfMzk0Pkg?si=ICf302Rut6C0nLpd 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1212071?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді