Келес ауданы тұрғындарының назарына

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң талаптарына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тек заңда көзделген тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы тиіс.
Атап айтқанда, үлескерлердің қаражатын тарту кепілдік беру қорының кепілдігі болған жағдайда, екінші деңгейлі банктің қатысуымен немесе тұрғын үй қаңқасы тұрғызылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Заң талаптарын бұза отырып жеке және заңды тұлғалардың қаражатын тартуға жол берілмейді.
Сонымен қатар, үлескерлердің қаражатын тарту тек жергілікті атқарушы органның тиісті рұқсаты негізінде жүзеге асырылуы қажет. Аталған талаптарды бұза отырып жасалған мәмілелер заңсыз деп танылады.
Түркістан облысы Келес ауданында үлестік құрылыс арқылы тұрғын үй салу тәжірибесі жоқ. Алайда тұрғын үйді сатып алушылардың басым бөлігі ауылдар мен аудандардан келетінін ескере отырып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру өзекті болып табылады.
Осыған байланысты, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында төмендегі фото суреттер мен бейне жазбаларға назар салуларыңыз сұралады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-keles/press/news/details/1212106?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді