КАРТОПТЫ ТАУАР БИРЖАЛАРЫ АРҚЫЛЫ САТУ КЕЗІНДЕ БҰЗУШЫЛЫҚТАР АНЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті картопты тауар биржалары арқылы өткізу кезінде бұзушылықтарды анықтады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен бекітілген биржалық тауарлар тізбесінің 2-тармағына сәйкес, жекелеген тауарлар, оның ішінде картоп бойынша жеткізудің ең төменгі партия көлемі 60 тоннаны құрайды. Аталған көлемге тең немесе одан асқан жағдайда, өткізу тек тауар биржасы арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Тексеру жүргізу барысында департамент тарапынан белгіленген шекті көлемнен асатын партиялармен картопты өткізу бойынша 12 дерек анықталды.

Аталған талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 268-бабының 3-бөлігіне сәйкес нарық субъектілеріне қатысты қысқартылған тәртіпте (50% жеңілдікпен) 8 әкімшілік хаттама толтырылды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 2 млн теңгеден асты. Қазіргі уақытта айыппұлдар толық көлемде төленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/press/news/details/1212227?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді