Жаңақорғанда алқапқа дән себілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың қатысуымен Қаратөбе ауылдық округіндегі «Сұңқар» шаруа қожалығының егіс алқабында «Дала күні-2026» семинар-кеңесі өтті. Шараға қатысушылар алдымен ауыл шаруашылығы көрмесін тамашалап, саладағы заманауи техникалар мен озық тәжірибелермен танысты. Әрі қарай шара «Дала күні» семинар-кеңесімен жалғасты. Семинарда аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев көктемгі егіске дайындық барысы туралы баяндады. Ал «Жаңақорғансушар» өндірістік учаскесінің басшысы Әбдімажит Ахметов шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету мәселелері туралы хабарлама жасады. «Сұңқар» шаруа қожалығының төрағасы Құлмағанбет Исаханов егіс жұмыстарына дайындық деңгейін таныстырса, «Әмір» шаруа қожалығының төрағасы Ахтан Пиренов су үнемдеу технологияларын енгізу бағытындағы тәжірибесімен бөлісті. Аудан әкімі өз сөзінде диқандарға күріш егу науқанын агротехникалық талаптарға сай, белгіленген мерзімде сапалы аяқтаудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, су ресурстарын тиімді пайдалану, жаңа технологияларды кеңінен енгізу қажеттігіне ерекше назар аударды. Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, шаруалардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Семинар соңында аудан басшысы сала ардагерлерімен бірге егіс алқабына дән сеуіп, диқандарға мол өнім мен берекелі жыл тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1212207?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді