
2026 жылдың 30 сәуірінде Бірлік ауылдық округінің әкімі оқушылар үшін “Ашық есік күнін” өткізді. Іс-шараның қонақтары жергілікті мектеп оқушылары болды.
Әкім әкімдік мамандарымен бірлесіп балаларға аппарат ғимараты бойынша экскурсия ұйымдастырды, ауылдық атқарушы органның негізгі бағыттары мен жұмыс принциптері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар белсенді қызығушылық танытты: әкімдіктің күнделікті жұмысы, жергілікті мемлекеттік басқару жүйесі қалай құрылғаны және Болашақ мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар туралы сұрақтар қойды. Кездесу ашық диалог форматында өтті.
“Бүгінгі қатысушылардың бірі болашақта мемлекеттік қызметшілер қатарын толықтыруы мүмкін. Мұндай іс — шаралар балаларға жергілікті билік органдарының жұмысын жақсы түсінуге және адалдық пен заңдылыққа негізделген қызметке дұрыс көзқарасты қалыптастыруға көмектеседі”, – деп атап өтті округ әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-birlik/press/news/details/1212241?lang=kk

Жауап қалдыру