
2026 жылдың 30 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің бас маманы А.Сарсембаевамен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізілді.
Кездесу барысында Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналасқан электрондық «Тараптар кабинеті» сервисінің жұмысы жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шара аясында қатысушыларға аталған сервистің функционалдық мүмкіндіктері, пайдаланушыларды тіркеу және авторизациялау тәртібі, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу тараптарына электрондық форматта атқарушылық құжаттар бойынша өзекті ақпаратты алуға, атқарушылық әрекеттердің барысын қадағалауға, өтініштер жолдауға және хабарламалар алуға мүмкіндік беретін негізгі құралдары түсіндірілді.
Сонымен қатар, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке қабылдауға жүгіну қажеттілігін азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1212285?lang=kk

Жауап қалдыру