
2026 жылғы 30 сәуірде Самар ауданы мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXXI сессиясы өтті.
Сессия жұмысына 10 депутаттың 8-і, Самар ауданының әкімі, Самар ауданы әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары және арнайы шақырылғандар қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1. Самар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 26-2/VIIІ «2026-2028 жылдарға арналған Самар ауданының аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әр түрлі мәселелер:
1) Самар ауданы мәслихатының депутаты А.О. Алимжарованың депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
2) Самар ауданы мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы № 27-2/VIII «2026-2028 жылдарға арналған Самар ауданы ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар барлық қаралған мәселелерді бірауыздан қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.
📲 Сессияның өту барысымен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыздар:
https://www.facebook.com/share/v/1E8Qiy4DcH/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-samar/press/news/details/1212298?lang=kk

Жауап қалдыру