Ақпараттық хабарлама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ дерекқорына» ұсынуға міндетті.

Алайда, Esep.govtec.kz платформасында ақпараттық жүйелердің үйлеспеушілігіне байланысты туындаған техникалық мәселелер салдарынан «ҮЕҰ дерекқорына» мәліметтерді қабылдау үзілістермен жүзеге асырылды.

Осыған байланысты, ақпараттық жүйелердің техникалық үйлеспеушілігі және жүйе жұмысында анықталған қателер туралы тиісті акт негізінде «ҮЕҰ дерекқорына» мәліметтерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 15 мамырға дейін ұзартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1212295?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді