
🔸2025 жылдың 14 наурызында Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы ғылымды, инновацияны және білім беру ортасын дамытуға бағытталған тапсырмалар берген болатын.
🔹Осы бастамаларды іске асыру аясында 2026 жылдың 29 сәуірінде Қостанай облысында отбасылық ғылыми-инновациялық «QOSTANAI TECH» фестивалі өтті. Іс-шара білім, ғылым, бизнес және жастар өкілдерін біріктірген ауқымды алаңға айналды, сондай-ақ Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қолдауымен ұйымдастырылды.
🔸Фестивальге Әділет департаментінің басшысы Алия Аманжулова қатысты. Іс-шара барысында ол ұсынылған жобалармен танысып, ғылыми шығармашылықты, инженерлік идеяларды және білім беру бастамаларын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.
🔹Бағдарлама аясында машина жасау, IT, инновациялар және кәсіпкерлік салаларындағы жетекші мамандардың қатысуымен көрме аймағы мен іскерлік сессиялар ұйымдастырылды. Оқушылар мен педагогтардың өз әзірлемелері мен идеяларын ұсынған жобалары ерекше қызығушылық тудырды.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1212307?lang=kk

Жауап қалдыру