
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – қоғамымыздың тұрақтылығы мен дамуының берік негізі болып табылатын бірлік, татулық және өзара құрметті айшықтайды. Халық бірлігі – алға нық қадам басуға және кез келген сын-қатерді еңсеруге мүмкіндік беретін ортақ күшіміз.
Осы күні санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары мен ардагерлеріне ерекше алғысымызды білдіреміз. Сіздердің көпжылдық еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз және іске деген адалдықтарыңыз санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында қоғамдық денсаулықты қорғау және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жүзеге асырылуда.
Бұл мереке жаңа жетістіктерге жетелеп, бірлік, өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухын нығайта берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1212327?lang=kk

Жауап қалдыру