
🎼 Көрнекті қазақ композиторы, дирижер және ғалым Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына арналған «Жұбанов көктемі» музыкалық апталығының гала-концерті ауқымды мәдени жобаның қорытынды іс-шарасы болды.
💬 Мерекелік кешті ашқан облыс әкімі Асхат Шахаров Ахмет Жұбанов тұлғасының ұлт мәдениетіндегі айырықша рөлін атап өтті.
🎻 Музыкалық апталық барысында облыста еліміздің жетекші ұжымдарының қатысуымен концерттер, фестивальдер және шығармашылық кездесулер ұйымдастырылды. Олардың қатарында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы, сондай-ақ Ахмет Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған музыка мектеп-интернаты бар.
🌍 Сонымен қатар халықаралық хор фестивалі мен домбырашылар фестивалі өтті. Іс-шараларға еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ Түркия, Оңтүстік Корея және Өзбекстаннан келген қонақтар мен шығармашылық ұжымдар қатысты.
✨ Айырықша мәнге ие тарихи сәттердің бірі – Ахмет Қуанұлы Жұбановтың ұрпақтарының іс-шараға қатысуы болды.
🏅 Бірқатар музыкант Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің марапаттарына, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттарына ие болды.
🌟 Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның алғыс хатымен Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармония ұжымы марапатталды.
🥇 «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін оркестрдің жетекші концертмейстерлері Айбек Қарағойшин, Нұржан Есекеев және Айнұр Қарибаева тақты.
✨ «Жұбанов көктемі» музыкалық апталығы Ахмет Жұбанов мұрасының өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеп, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1212316?lang=kk

Жауап қалдыру