
«Ұзынтам жол жиналысы»
Бүгін Ұзынтам ауылының көшелеріне салынып жатқан асфальт жолдың сапасына бақылау жүргіздік. Жалпы Ұзынтам ауылының көшелерін толық қамтитын көше ұзындығы 3.1 км құрайды. Мердігер өз тарапынан жолдың сапасына кепілдік беретіні анық. Осы орайда ауыл тұрғындары болып сапаны қадағалауды жүргізуді үздіксіз назарда ұстайтын боламыз . Ауылдық округ әкімі М.Насыров, бас маман Д.Курманкулов және аудандық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Исмайлов, ауыл тұрғындары мен бірге жолдың жұмысымен танысып қайттық.
Посмотрите мою публикацию в TikTok! https://vt.tiktok.com/ZS9f9UYgL/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-tiirmen/press/news/details/1212337?lang=kk

Жауап қалдыру