Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   

     Ағымдағы жылдың наурыз айының соңында елорда тұрғыны алкогольдік мас күйде компьютерлік клубта дәрет сындырған, балағат сөздер айтып, сондай-ақ қоршауды сындырған. Осы үшін оған 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

    Сонымен қатар, ол бұған дейін ұқсас құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, өткен жылы 11 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, айыппұлдары төленбеген.

    Осыған байланысты прокуратура тарапынан прокурорлық ден қою актісі енгізілді, оны қарау нәтижесінде сот айыппұлды 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа ауыстырды.

    Елорда прокуратурасы қоғамдық орындарда балағат сөздер айту, ғимараттарды, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналадағы адамдарға айқын құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзатын өзге де ұқсас әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

    Аталған баптың санкциясы 60 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуды, 100 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуды немесе 30 тәулікке дейін әкімшілік қамақты көздейді.

Астана қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1212357?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді