ӘЛЕМДІК ХИТ ӘНДЕР ЖӘНЕ КИНОФИЛЬМДЕРДЕН SOUNDTRACK CONCERT ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Өнер орталығында Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің кино әлемінен музыкалық кеші өтті.
Оркестрдің көркемдік жетекшісі – “Тұран” сыйлығының иегері Нұрғиса Нұрбай
Бас дирижері – Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Руслан Балмасов
Концертте көрермен көзайымына айналған
“Королек птичка певчая”, “Черная любовь”, “Ер Тугрул”, “Гобой Габриели”, “Салют, Наруто”, “Список Шиндлера”, “Гладиатор”, “Скайфолл”, “Агент 007”, “Баба Йету” және басқа да әлемге әйгілі кинофильмдердің саундтректері орындалды. Сонымен қатар әлемдік хит әуендер шырқалды.
Концерт залын жарқын атмосфераға бөлеген кеште Камералық хор ұжымы, (Көркемдік жетекшісі – Арайлым Қуаныш), Қалдыбеков Мақсат, Гаухар Бисекенова, Евгений Музыкант, Айсұлу Әбді, Ернұр Тәкен, Әділет Омар, “Сыр самалы” вокалды аспапты ансамблі, (Көркемдік жетекшісі – Әбдіхалық Мұстафаев) өнер көрсетіп, жиналған қауымның зор қошеметіне бөленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/1212379?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді