«Жас Сарбаз» клубтарының облыстық саптық және ән байқауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 2026 жылғы 30 сәуірде «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5518 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінде колледж студенттері арасында Ұлы Жеңістің 81-жылдығына  арналған «Жас Сарбаз» клубтарының саптық және ән байқауы өтті.

Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ.                                           

Байқаудың мақсаты – студенттерде жоғары әлеуметтік белсенділік пен патриотизмді, өз Отанына деген азаматтық пен адалдық сезімін, Отанға деген сүйіспеншілікті, Отанды қорғауға дайындықтарын қалыптастыру.

Байқауға ШҚО-ның 13 колледжінен 195  студент қатысты.                      

Сап және ән байқауын өткізу барысында жас патриоттар саптық дайындық шеберлігін, командалық рухты, саптық тәртіпті көрсетті, саптық әндерді орындады. Қазылар алқасы взводтардың өнерін келесі критерийлер бойынша бағалады: взводтың жеке құрамының сыртқы түрі, взводтың салтанатты шеруі, взвод құрамындағы саптық әннің орындалуы, саптық қабылдаулардың орындалуы, взвод командирлерінің байқауы.

1 орын – Абай атындағы Шығыс Қазақстан жоғары педагогикалық колледжі;

2 орын – Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжі;

3 орын – Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары ІТ колледжі.

«Үздік капитан» номинациясын иеленген – Өскемен экономика және техника колледжі.

«Үздік салтанатты марш» номинациясын иеленген – Өскемен жоғары политехникалық колледжі.

«Үздік саптық ән» номинациясын иеленген – Өскемен құрылыс және техника колледжі.

«Үздік саптық әдістер» номинациясын иеленген – Көлік және тіршілік қауіпсіздігі колледжі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1212536?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді