Спортшылар саны жыл сайын артып, балалар мен өңірлерге ерекше назар бөлінуде.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 743 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі спортшы тіркелген. Оның ішінде 100 мыңнан астамы – балалар. Инклюзивті спортты дамыту болашақ ұрпақ үшін де маңызды.
Соңғы жылдары мыңдаған адам спорт арқылы өз өмірін өзгертіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Әсіресе балалар спортына ерекше көңіл бөлініп, ауылдық жерлерде де қолжетімділік артып келеді.
Бүгінгі күні елімізде паралимпиадалық және сурдлимпиадалық спорт түрлері жүйелі түрде дамып, халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетілуде. Инфрақұрылым кеңейіп, арнайы спорт орталықтары ашылып жатыр.
Мемлекет тарапынан да нақты қолдау бар. Заңнамалық өзгерістер арқылы параспортқа басымдық беріліп, ерекше қажеттілігі бар спортшыларға қосымша жағдай жасалуда.
Алдағы жылдары еліміздің барлық өңірінде инклюзивті спорт орталықтарын ашу жоспарланып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1212868?lang=kk

Жауап қалдыру