
Білім беру ұйымдары басшылары арасында өткен ІІІ облыстық ашық дебат турнирі өз мәресіне жетті.
Қазақстандағы цифрландыру мен жасанды интеллект, білім мен ғылымды дамыту тақырыбындағы пікірсайыс алаңында қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, басқарушылық ойлау мен шешім қабылдау дағдыларын көрсетті.
Нәтижесінде әріптестеріміз: Қаратерек мектебінің директоры Л. Кайсина және А. Иманов атындағы лицей мектебі директорының міндетін атқарушы Ш. Қожаханова жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Бұл жетістік – білім беру сапасын арттыру жолындағы басшылардың кәсіби ізденісі мен жаңашыл көзқарасының айқын көрінісі.
Жас басшыларға шығармашылық табыс, кәсіби өрлеу және биік белестер тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1212904?lang=kk

Жауап қалдыру