
Бүгін Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданы №13 тұрғын үйдің автотұрағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараға Мақтарал, Сауран, Жетісай, Шардара аудандарының және Түркістан қаласының жергілікті кәсіпкерлері қатысып, өз өнімдерін тұрғындарға ұсынды.
Жәрмеңке барысында жалпы көлемі 14 тоннадан астам азық-түлік тауарлары қала тұрғындары мен қонақтарына нарық бағасынан төмен, қолжетімді бағамен сатылымға шығарылды.
Аталған жәрмеңкелер халықты әлеуметтік қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жергілікті тауар өндірушілерді қолдауды мақсат етіп, тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1212924?lang=kk

Жауап қалдыру