Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Қоғамдық қауіпсіздік бөлімі мен Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторлары, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, қала аумағында профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Іс-шара барысында қорғау нұсқамасы шығарылған азаматтардың тұрғылықты мекенжайлары тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның салдары мен жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және жолын кесу. ❗️Құрметті қала тұрғындары! Егер сізге тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері белгілі болса немесе оның куәсі болсаңыз, дереу «102» нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1212939?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді