Көлік министрлігі жолаушылар тасымалы сапасына бақылауды күшейтуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Бас көлік прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп, жекеменшік тасымалдаушылар пойыздарына инспекциялық тексерулер жүргізді. Тексерулердің мақсаты – қауіпсіздік стандарттарының, санитарлық нормалардың сақталуын және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын бақылау.

Рейдтік іс-шаралар барысында мобильді топтар келесі компаниялардың пойыз құрамдарын тексерді:

«САРЫ-АРКА КОМПАНИ» ЖШС (№57 бағыт Астана – Орал);

«KAZ RAIL» ЖШС (№655Т бағыт Астана – Арқалық);

«ТУРКСИБ АСТАНА» ЖШС (№43 бағыт Қостанай – Алматы);

«Nomadas» ЖШС (№55 бағыт Қызылорда – Көкшетау).

Тексеру барысында вагондардың техникалық жай-күйіне, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы купелердің жабдықталуына, төсек-орын жабдықтарының тазалығына, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерінің жұмысына ерекше назар аударылды. Қарау нәтижесінде ішкі инвентарь жағдайы мен қызмет көрсету сапасына қатысты жекелеген бұзушылықтар анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша тасымалдаушылардың жұмысындағы кемшіліктер анықталып, тиісті нұсқамалар берілді, актілер рәсімделді.

Көлік министрлігі жолаушыларға анықталған заңбұзушылықтар туралы +7 700 098 35 35 нөмірі арқылы мессенджерлер арқылы Жедел ахуал орталығына хабарласуға болатынын ескертеді.

Жекеменшік теміржол тасымалдарының сапасын бақылау жұмыстары азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1212953?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді