ТАТУ ЕЛДІҢ ДАСТАРХАНЫ ДА БАЙ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласындағы орталық саябақта 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өтіп жатқан «Бірлік дастарханы» атты ауқымды этномәдени фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылды. 8 қазанда ет қайнап, жайылған қамыр 1 тонналық тайқазанда асылмақ.

Ел ішіндегі этносаралық келісімді нығайту, қазақстандық патриотизм мен ұлттық құндылықтарды ұлықтауды мақсат еткен бұл маңызды шараға қала әкімі Ғ.Сыздықбеков, зиялы қауым өкілдері, қоғам және еңбек ардагерлері, қала қонақтары қатысуда.

Биылғы мерекелік жиынның форматы ерекше сипат алды. Фестиваль барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері тек өз мәдениетін таныстырып қана қоймай, қазақ халқының ұлттық тағамдарын дайындау бойынша өзара бақ сынасуда. Бұл бастама – түрлі этнос өкілдерінің ортақ шаңырақ астындағы рухани бірлігін, мемлекеттік тіл мен салт-дәстүрге деген құрметін айқын көрсететін маңызды қадам.

Салтанатты шарада қала әкімі тұрғындарды мерекемен құттықтап, фестиваль аясында ұйымдастырылып жатқан дәм ұсыну шарасына қатысушыларға сәттілік тіледі. Өз сөзінде ол бұл мерекенің ел үшін маңызы зор екенін атап өтіп, татулық пен тұрақтылықтың арқасында Қазақстанның халықаралық деңгейде беделі артып келе жатқанын жеткізді.

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – татулық пен тұрақтылықты ту еткен, түрлі ұлт пен ұлысты ортақ шаңырақ астына топтастырған еліміз үшін айрықша мәні бар мереке. Барша қазақстандықтарды ортақ мақсат пен ортақ мүддеге ұйыстырып отырған басты құндылық – өзара ынтымақ пен сенім. Осы қасиеттердің арқасында еліміз бейбітшілік пен келісімнің үлгісін қалыптастырып, халықаралық деңгейде абыройын асқақтатып келеді.

Шырайлы Шымкент – осы бірлік пен татулықтың айқын көрінісі. Бүгінде мегаполисте түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, қаланың өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосуда. Олардың еңбегі мен талпынысы – ортақ жетістігіміздің негізі.

Тарих бірліктің маңызын қаншама рет дәлелдеді. Сын сағатта жұдырықтай жұмылып, бір-біріне демеу болған халық қана биік белестерді бағындыра алады. Бүгінде де қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігін қамтамасыз ету еліміздің стратегиялық бағыттарының бірі болып қала береді. Бұл – мемлекетіміздің ұзақ мерзімді дамуының кепілі, – деп атап өтті Ғ.Әбдімажитұлы.
Шымкент қаласы ежелден-ақ сан ұлттың басын қосқан, бірлік пен келісімнің нақты үлгісін паш етіп келе жатқан шаһар. Бүгінде мегаполисте 50-ден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, қаланың дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Саябақтағы фестиваль концерттік бағдарламаға ұласты. Сахнада патриоттық, туған жер туралы әндер шырқалуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1213012?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді