Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – еліміздегі барлық этнос өкілдерінің татулығы мен достығын, өзара сыйластығы мен ынтымағын айшықтайтын ерекше күн. Бірлік пен келісім- мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының берік негізі.
Бүгінде көпұлтты халқымыздың арасындағы өзара түсіністік пен құрмет – ел дамуының басты құндылықтарының бірі. Татулық пен ынтымақтың арқасында біз кез келген сын-қатерді еңсеріп, ортақ мақсаттарға бірге қол жеткізіп келеміз.
Түркістан – тарихы терең, руханияты бай, түрлі мәдениеттер мен дәстүрлер тоғысқан қасиетті мекен. Бұл өңірде қалыптасқан бірлік пен береке – баршаға үлгі.
Осы мерекеде әр шаңыраққа амандық, денсаулық, бақ-береке тілеймін! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын!
Құрметпен!
Әзімбек Пазылбекұлы,
Түркістан қаласының әкімі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1213026?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді