
Түнгі суару – жасыл желекті сақтаудың тиімді жолы
Әуезов ауданында жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Ағаштар, саябақтар мен скверлер түнгі уақытта суарылады. Бұл тәсіл ылғалдың топырақта жақсы сақталуына, судың булануын азайтуға және өсімдіктердің толыққанды қоректенуіне мүмкіндік береді.
Түнгі аусымда 60-қа жуық қызметкер мен 50-ге жуық арнайы техника жұмылдырылды. Суару жұмыстары арнайы су тасымалдаушы техникалар арқылы және автоматтандырылған суару (автополив) жүйелерімен жүзеге асырылады.
Автосуару жүйелері су беруді бірқалыпты қамтамасыз етіп, жасыл желектерді тиімді әрі үнемді күтіп-баптауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, түнгі уақытта жүргізілетін жұмыстар қала тұрғындарына қолайсыздық туғызбайды.
Жасыл қорды сақтау мен көбейту – ауданның экологиялық жағдайын жақсартудың маңызды бағыты. Бұл жұмыстар тұрақты бақылауда және алдағы уақытта да жалғасын табады.
Толығырақ: https://www.instagram.com/reel/DXxM4rMtvEl/?igsh=eG9nOHRqaGttZXpt

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1213018?lang=kk

Жауап қалдыру