Астанада Н. Тілендиев даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты бір аптаға жабылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 2-9 мамыр аралығында Н. Тілендиев даңғылының Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1213096?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді