“Жалын” сауықтыру лагері жазғы тынығу маусымына дайындалуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев “Жалын” сауықтыру лагерінің жазғы тынығу маусымына дайындығын көрді.
Қазіргі таңда лагерь аумағында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттар жөнделіп, инженерлік желілер жаңартылуда, сондай-ақ балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалысы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Демалыс орындарының ішкі-сыртқы келбеті талаптарға сай ретке келтірілуде.
Аудан басшысы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды және жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізіп, тынығу маусымына толық дайын болу керектігін атады. Лагерь аумағында санитарлық тазалықтың сақталуы басты назарда болуы қажет екеніне тоқталып, сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1213111?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді