Атырауда 1000-ға жуық жас буынның қатысуымен «ATYRAU VOLUNTEER FEST» фестивалі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Атырау қаласында өткен «ATYRAU VOLUNTEER FEST» еріктілер фестиваліне өңірдің 1000-ға жуық волонтері мен белсенді жастары, сондай-ақ халықаралық және отандық ұйым өкілдері қатысты. Ауқымды іс-шара жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.
Фестивальге Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов, құқық қорғау органдарының өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанаты және қоғам белсенділері қатысты. Күні бойы ұйымдастырылған ашық форматтағы кездесулерде спикерлер жастармен тәжірибе бөлісіп, еріктілік қызметтің маңыздылығы мен қазіргі қоғамдағы рөлін кеңінен талқылады.
Фестиваль аясында 15-ке жуық ұйым өз қызметін көрме форматында таныстырды. Аталған алаңда Атырау облысы полиция департаменті ерекше белсенділік танытып, жас буынмен профилактикалық бағытта кең көлемде жұмыс жүргізді. Тәртіп сақшылары жол қозғалысы қауіпсіздігі, интернет-алаяқтық, кибербуллинг, нашақорлық пен есірткі қылмыстарының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нақты мысалдар арқылы құқықтық сауаттылықты арттыруға басымдық берді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратып, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша пайдалы кеңестер ұсынды. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ашық диалог алаңы қалыптасты.
Кеш соңы мерекелік концертпен жалғасып, танымал әншілер мен өнерпаздардың қатысуымен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1213207?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді