Конституциялық Сот: кассация – сот төрелігінің қосымша кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

Конституциялық Сот Қылмыстық-процестік кодекстің 484-бабы екінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қабылдаудан бас тартты.

Өтініш иесі аталған норма үкімді орындау мәселелері бойынша шешімдерді кассациялық тәртіппен қайта қарау мүмкіндігін шектейді және сот арқылы қорғалу құқығын бұзады деп есептеген.

Конституциялық Сот Конституцияда істің бірінші сатыдағы сотта қаралуына және апелляциялық тәртіппен қайта қаралу мүмкіндігіне кепілдік берілетінін еске салды. Ал кассация – тәртібі заң шығарушы айқындайтын қосымша кепілдік болып табылады.

Сондай-ақ дауланып отырған норма өтініш иесінің ісінде қолданылмағаны анықталды. Осыған байланысты өтініш қарауға жатпайтын деп танылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1213289?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді