ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ: ШҚО-ДА КӘСІПОРЫН ҰЖЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіру және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары Рахимов Е.О. және Еркінов Д.М. бірқатар ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді. Атап айтқанда, түсіндіру жұмыстары «Vosca» ЖШС және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі нормалары жан-жақты түсіндірілді. Инспекторлар жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы міндеттеріне ерекше тоқталып, өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, еңбек жағдайларын жақсарту және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, еңбек қатынастарындағы ең өзекті мәселелердің бірі – жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеу талаптары кеңінен талқыланды.

Іс-шара барысында қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Еңбек инспекторлары еңбек дауларының алдын алу жолдарына, қызметкерлердің құқықтарын қорғау тетіктеріне және заң бұзушылықтардың салдарына да тоқталды.

Сондай-ақ, кездесуде Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің шығу тарихы мен оның маңызы туралы ақпарат берілді. Бұл күн – еңбек қауіпсіздігі мен қызметкерлердің денсаулығын қорғауға бағытталған халықаралық деңгейдегі маңызды бастамалардың бірі екені атап өтілді.

Мұндай кездесулер еңбек мәдениетін қалыптастыруға, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, сондай-ақ өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/press/news/details/1213317?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді