
Орал қалалық маслихатының төрағасы Қалиев Есентай Ғиниятұлы және қалалық маслихат депутаты Казанин Юрий Викторович еңбек ардагері Халилов Зинатолла Хамидоллаұлыны 80 жас мерейтойымен құттықтады. Зинатолла Хамидоллаұлы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы қызмет етті. 2003-2012 жылдар Орал қалалық маслихатының ревизиялық комиссиясының төрағасы болып жұмыс істеді. Ардагерге естелік сыйлық және қала әкімі Мұрат Булатұлы Байменовпен қалалық маслихатының төрағасы Қалиев Есентай Ғиниятұлынын атынан құттықтау хаты табыс етілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uralsk/press/news/details/1213312?lang=kk

Жауап қалдыру