
“Таза Қазақстан” жалпы республикалық экологиялық акциясы аясында мамыр мерекелерінің қарсаңында Привольный ауылының тұрғындары көл жағынан ауыл маңындағы аумақты ретке келтіру үшін сенбілік өткізді.
“Астық-Привольный” ЖШС мамандандырылған техника бөлді. Осының арқасында қыста жиналған барлық қоқыстарды, құрғақ бұтақтарды және былтырғы жапырақтарды тез жинап, алып тастауға мүмкіндік туды.
Мұндай бастамалар біздің ауылды таза әрі әдемі етіп қана қоймай, адамдарды біріктіреді. Әрбір тұрғынға ортақ іске қосқан үлесі үшін және “Астық-Привольный” ЖШС басшылығына туған ауылын абаттандыруға үнемі қамқорлық жасағаны үшін зор алғыс!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-novoselovka/press/news/details/1213290?lang=kk

Жауап қалдыру