
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды бүгінгі 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бір шаңырақ астында тату – тәтті өмір сүріп, жүздеген ұлт пен ұлысқа құшағын аша достық пейілін ұсынған халқымыз үшін бұл мерекенің мән – маңызы аса зор. Халқымызда ” Бірлік түбі – береке, татулық түбі – мереке” деген аталы сөз бар. Шынымен де қай уақытта болсын ауызбіршілік пен сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нәтижелі істердің болатыны белгілі. Бүгінде ел халқымен қатар, ауданымызда қолжеткізген әрбір жетістігіміз бен толағай табыстарымызда татулықты ту еткен тұрғындарымыздың бекем бірілігі мен өрнекті үлгі – өнегесі жатыр деп білемін.
Осы орайда, әрбір отбасыға амандық, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға баянды бақ – береке тілеймін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1213384?lang=kk

Жауап қалдыру