1-мамыр “Бірлік күніне” орай  “Достық – бірліктің тірегі” тақырыбында фестиваль өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Талды ауылы мектебінде  30.04 күні 1-мамыр “Бірлік күніне” орай  “Достық – бірліктің тірегі” тақырыбында мектеп тәлімгері  П.Р. Искакованың ұйымдастыруымен  5-10 сыныптар арасында  фестиваль өтті. Фестиваль мақсаты оқушылардың бойында түрлі  ұлт өкілдеріне деген құрмет, халықтар арасындағы  достық  пен бірлікті насихаттау, көпұлтты қоғамдағы татулық пен келісімнің маңызын түсіндіру,  өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа  тәрбиелеу. Фестиваль барысында оқушылар әр ұлттың мәдениетін, салт – дәстүрін, туын, ұлттық  киімін, ойынын, өнерін, тағамын жан-жақты көрсете білді. Фестиваль соңында “Ең белсенді  сынып”, “Үздік ұлттық тағам”, “Үздік  ұлттық  ойын”, “Үздік ұлттық  киім үлгісі”, “Мәдениетті Үздік таныстырушы”, “Ең креативті өнер көрсетілімі” номинацияларымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly-amanjolov/press/news/details/1213457?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді