Еркежан Пернебекқызы басқарманың әкімшілік және қаржы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Нұрманұлының 30 сәуірдегі бұйрығымен меритократия қағидасына сәйкес Сембаева Еркежан Пернебекқызы басқарманың әкімшілік және қаржы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Сембаева Еркежан Пернебекқызы 1986 жылы 14 қазанда Жамбыл облысы Талас ауданында дүниеге келген.
2008 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша бітірген.
2010 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін тәмамдап, «қазақ тілі мен әдебиетінің магистрі» академиялық дәрежесін иеленген.
Еңбек жолын 2009 жылдың 30 сәуірінен Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және инспекторлық жұмыс бөлімнің бас маманы болып бастаған.
09.01.2012-12.11.2012 жылдар аралығы Тараз қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы;
03.01.2013-31.10.2013 жылдар аралығы «ТебердаСтройСервис» ЖШС, персоналды басқару бөлімінің басшысы;
4.11.2013-12.12.2014 жылдар аралығы «Бекбау-Тараз-Консалтинг» ЖШС, персоналды басқару бөлімінің басшысы:
12.12.2014-10.07.2024 жылдар аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы;
10.07.2024 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

Құттықтаймыз! Абырой жолдас болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1213518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді