
ШҚО полицейлері «Патриоттар уақыты» фильмін тамашалады
Шығыс Қазақстан облысы Департаментінде жеке құрамның қатысуымен отандық «Патриоттар уақыты» көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2026 жылға арналған идеологиялық жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды.
Көрсетілім «Адал азамат» қағидаты аясында өткізілді. Кинотуынды арқылы тәртіп сақшыларының бойында отансүйгіштік сезімді нығайту, темірдей тәртіпті қалыптастыру және антқа адалдық қағидаларын дәріптеу көзделген.
Жоспарға сәйкес, жеке құрамның мәдениеті мен кәсіби этикасын арттыруға бағытталған идеологиялық іс-шаралар жүйелі түрде жалғасатын болады. Басты мақсат — мемлекетке мүлтіксіз қызмет ететін, рухани өрісі биік «Адал азамат» бейнесін қалыптастыру.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1213514?lang=kk

Жауап қалдыру