Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған көшпелі концерт өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 13 сәуірінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Халық қаһарманы, күйші әрі композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған көшпелі концерт ұйымдастырды.

Іс-шараға оркестрдің толық құрамымен қатар, Тахауи Рахметов пен Бибігүл Қылымхан секілді танымал өнерпаздар қатысты. Мәдени іс-шараның мақсаты – Алматы тұрғындары мен қонақтарының ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыру.

Қазақ музыка мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы – халықтың рухани мұрасы, бай қазынасы. Композитордың 100 жылдығына арналған іс-шара биыл 24 қаңтарда Ұлттық оркестр ұйымдастырған ауқымды концертпен басталған болатын. Қазіргі уақытта композитордың мерейтойы ЮНЕСКО және ТҮРКСОЙ сынды халықаралық ұйымдардың қолдауымен әлемдік деңгейде аталып өтуде.

Айта кетейік, ТҮРКСОЙ – Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы 2025 жылды Нұрғиса Тілендиевті еске алу жылы деп жариялаған болатын. Жыл бойы мерейтойға арналған мәдени іс-шаралар жалғасын табатын болады.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/975119?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді