Шу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарымен қауіпсіздік бағытында кең көлемде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелері, балаларды қараусыз қалдырмау және биіктіктен құлаудың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер мен аулада қоқыс жағуға жол бермеу қажеттігі ескертілді. Мұндай іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Жауап қалдыру