Оқушыларға арналған қауіпсіздік сабағы: суға түсу маусымына дайындық

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Тараз қаласындағы №35 орта мектебінде Жамбыл облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының ұйымдастыруымен, Жедел-құтқару жасағы және Апаттар медицинасы орталығының қатысуымен қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға суға түсу маусымындағы қауіпсіздік ережелері, су айдындарында өзін-өзі ұстау тәртібі және төтенше жағдайларда әрекет ету алгоритмі түсіндірілді. Сонымен қатар, суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Мамандар құтқару және алғашқы реанимациялық әрекеттерді тәжірибе жүзінде көрсетіп, жедел қызметтер келгенге дейін дұрыс көмек көрсету жолдарын үйретті.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1213625?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді