Ақжал кентінің «Шұғыла» мәдениет үйінде 1-мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бейбітшілік – ел тілегі» атты мерекелік концерт жоғары деңгейде өтті!
Мерекелік шарада кентіміздің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сахна төрінде шырқалған әуезді әндер мен мың бұралған билер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Шара барысында ең бастысы халқымыздың достығы мен ынтымағы дәріптелді.
Шаңырақтарыңыздан бақ-береке, елімізден тыныштық кетпесін. Бірлігіміз бекем, достығымыз мәңгі болсын! Мереке құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1213640?lang=kk

Жауап қалдыру